Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері елорда төріндегі жәрмеңкеде

570

0

Фото: Қазалы ауданы

Кеше Астана қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің екі күндік жәрмеңкесі басталды. Жәрмеңке «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы Қарқаралы тас жолында өтуде.

Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері елорда төріндегі жәрмеңкеде
Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері елорда төріндегі жәрмеңкеде

Елорда төріндегі жәрмеңкеге Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері де жеткізіліп, арқа төріндегі ағайынға тиімді бағада ұсынылуда. Әсіресе брендке айналған «Қазалы» конфеті мен «Дәмді» сүт өнімдері көпшіліктің сұранысына көптеп ие болуда.

Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері елорда төріндегі жәрмеңкеде

Еліміздің бас қаласында өтіп жатқан жәрмеңкеге Қазалы ауданынан барлығы 40 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері апарылды. Нақтырақ айта кетсек, күріш өнімі 15 тн, балық өнімдері 11 тн, сүт өнімдері 8,8 тн (сүт, айран, сүзбе, қаймақ, құрт), 200 кг шұжық пен 1 тоннадан астам Қазалы конфеті және басқа да бау-бақша өнімдері жеткізілді.

Айта кетейік, Арқа төріндегі жәрмеңке ертеңде жалғасатын болатын.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<