Қазалыда балалар күні кең көлемде аталып өтті

356

0

Бүгін Қазалыда Халықаралық балаларды қорғау күні ерекше аталып өтті.

Аудандық оқушылар үйінің алаңында ұйымдастырылған «Қазақстан – бақытты балалық мекені» атты шарада ең әуелі балабақша балғындары ертегілер әлемінен қойылымдар сахналап, көрермендер жүрегінен орын алды.

Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш бастаған құрметті қонақтар балалардың шығармашылығына оң бағасын беріп, болашақта елдің үмітін ақтайтын азамат болып өсулеріне тілектестігін жеткізді.

Мұнан соң Дәурен Оңғарбайұлы безендірілген сахна төріне көтеріліп, аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың құттықтауын жеткізді.

Сонымен қатар үштік одақ жұмысы бойынша белсенділік танытып, облыстық байқауда бақ сынаған отбасыларды «Өнерлі отбасы», «Үлгілі отбасы» және «Спортшы жанұя» номинацияларымен марапаттады.

Кезек жобалар көрмесіне жетіп, воркаут алаңы, иппотерапия, ерекше балаларға арналған сауықтыру бассейні сынды тұшымды ой, ауқымды идеялар ұсынылды. Сондай-ақ, жиында үздік деп танылған бүлдіршіндердің сурет көрмесі де ұйымдастырылды.

Көңілді кеш одан әрі кішкентай өнерпаздардың әсем биі мен күмбірлете күй шерткен өнеріне ұласты.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<