Қазалыда халық саны артып келеді

1270

0

Бүгін облыс әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Брифингте аудан басшысы 2022 жылы Қазалы ауданында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Жер кезегінде тұрған тұрғындар санының жыл өткен сайын көбейгенін айтқан аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы инженерлік-инфрақұрылымды дамыту мәселесін басты назарға алып отырғанын жеткізді.

Осы мақсатта аудан орталығынан көлемі 600 гектар жер учаскесінен салынатын тұрғын үйлерді инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы әзірленді. Биыл Әйтеке би кентіндегі көлемі 180 гектар жер учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісінің құрылысы басталады.

Сонымен қатар, Ғ.Мұратбаев ауылынан жаңадан ашылған аймақта салынатын тұрғын үйлерді ауыз сумен, газбен және электрмен жабдықтау үшін 251,4 млн. теңге бөлінді.

Бұдан бөлек, биыл аудан орталығындағы 4 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіледі. Өткен жылы басталған 18 пәтерлі 6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыру жұмыстары да биыл толық аяқталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<