Қазалыда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді

1120

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамикада қалыптасып келеді. Мәселен, былтыр аудан бюджетінің кірісі 10,9 млрд теңге болып бекітілсе, жыл соңына дейін 13,6 млрд теңге құрап, айтарлықтай өсім байқалды.

Ауданда кәсіпкерлік саласы да серпінді дамуда. 2023 жылы 29 кәсіпкерлік нысаны ашылып, 46 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал, биыл тағы да 20-ға жуық кәсіпкерлік нысаны өз жұмысын бастайды деп жоспарлануда. Бұдан өзге де ілкімді істердің игілігі туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев тізбектеп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Қазалы ауданының «Екінші Түркістан» аталып кетуі бекерден-бекер емес. Себебі, қазалылықтар кез келген істің көзін тауып, өз кәсібін дөңгелетуде. Мәселен, ауданымызда 5 912 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген болса, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 5 706 бірлікті құрайды. Былтыр аудан кәсіпкерлері тарапынан 16,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Ал, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 2,8 пайызға көбейіп, 10 265 адамды құрады. Бөлшек сауда айналымына келер болсақ, бұл салада былтыр 13 млрд 35,7 млн теңгеге өсім қалыптасты. Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлерінің 559 жобасы қаржыландырылды, – деді Мұхтар Әуесұлы.

Айта кетейік, 2023 жылы аудандағы өнеркәсіп саласында 21,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 100, 2 пайызды құрады. Ал өңдеу өнеркәсібінде 101,4 пайызға өсім қалыптасты.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<