Қазалыда мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

572

0

Кеше Қазалыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті. Аудан орталығындағы «Рәміздер алаңында» өткен шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ барлық мекеме-кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызда шарада Мемлекеттік Туымыз көкке көтеріліп, Гимн орындалды.

Айта кетейік, ұлтты ұйыстырған ұлттық мереке күні бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған дәл осындай патриоттық акция еліміздің барлық аймағында өткізілуде.

Қазалы

Республикакүні

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<