Қазалыда МРТ орталығы ашылды

1110

0

Бүгін Қазалы теміржол ауруханасында магнитті-резонанстық томография және компьютерлік томография орталығы ашылды.

Салтанатты шарада Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

Мұнан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов құттықтау сөз сөйледі.

Одан әрі аурухана басшысы Құбыл Ршымбетов жаңадан ашылған орталықпен таныстырып, құрылғылардың мүмкіндіктерін көрсетті.

Қазалы ауданындағы алғашқы ашылған МРТ орталығы. МРТ орталығының қызметкерлері арнайы оқытудан өткен. Орталық аудан халқына қызмет көрсетуге дайын.

Оңтүстік Корея және австриялық заманауи құрылғының мүмкіндігі өте жоғары. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда қалаларында арнайы білімін жетілдірген мамандар заманауи құрылғының  мүмкіндіктері арқылы жүйке, тірек-қимыл жүйесі, омыртқаның және жұлынның туа біткен патологиялар, акушерлік, гинекологиялық ауруларды анықтай алады. Осылайша науқастарға дәл диагноз қойылып, емдеу шаралары жүргізілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<