Қазалыда пластикалық бөтелке өндірісі қолға алынды

333

0

Фото: Ауыл шаруашылығы басқармасы

Қазалылық кәсіпкер Орынбасар Бақбергенұлы 2021 жылдан бастап Қызылорда қаласында пластикалық бөтелке шығаратын жеке кәсіпкерден дайын плсатикалық бөтелкелерді алып, сатып алу-сату саудасымен айналысып келген.

2023 жылы ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы аясында осы кәсіпті ауданымызда жүзеге асыруды жоспарлап, қажетті құрал-жабдықтарды алуға «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізеді.

Осылайша Орынбасар Бақбергенұлы пластикалық бөтелкені шығаруға қажетті құрал-жабдықтарын Алматы қаласынан алдыртып, бүгінде өзінің жаңадан бой көтерген ғимаратында ең бірінші сүт өнімдеріне арналған 0.5, 1 және 1.5 литр, ерекше дизайнда, құты қақпағы брондалып жабылатын пластикалық құтыларды шығаруда.

Негізгі тұтынушылары: Қазалы, Арал ауданы, Сексеуіл және Төретам кенті.

Аймағымызда осындай өндіріс орынына айналдыру бағытында еңбек етіп жатқан әрбір жергілікті өнім өндірушілерімізге қолддау көрсетіп, кәсіптерінің берекелі болуына тілектестік білдіреміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<