Биыл Сыр еліндегі барлық аудан орталықтарында аймақ басшысының қолдауымен «Руханият орталығы» ғимараттарының құрылысын бастау жоспарланған болатын. Осыған сәйкес Қазалы ауданында «Руханият орталығы» ғимаратының құрылысы басталып кетті. Қазіргі таңда ғимараттың жер қазу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін мұнда музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарын біріктіріліп, типтік үлгідегі жаңа нысан аудан халқының игілігіне пайдалануға берілмек.
Айта кетейік, «Руханият орталығының» құрылыс жұмыстарымен «АСАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<