Қазалыда «SAFI AQUA» демалыс орны ашылды

90

0

Фото: Қазалы ауданы

Жыл өткен сайын Қазалы ауданында әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың құрылысы қарқын алып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беріліп келеді.

Мәселен жыл басынан бері ауданда сауда үйлері, тамақтану орындары, кондитерлік цех, көлік жуу орны, азық-түлік дүкендері сынды 15 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді.

Бүгін Қазалы қаласында жергілікті жеке кәсіпкер Еркін Алданазаровтың «SAFI AQUA» атты ашық аспан астындағы жазғы демалыс орны пайдалануға берілді.

Қазалы қаласында алғашқы рет ашылып жатқан ашық су бассейнінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков қатысып, кәсіпкерлік нысанның ашылуымен құттықтады.

Сондай-ақ мұндай ерекше демалыс орны ауданда алғашқы рет ашылып жатқандығын айтып, аудан тұрғындары мен қонақтары үшін бұл орын ендігі таптырмас демалыс орны болатындығын жеткізді.

Мұнан соң демалыс орнының лентасы салтанатты түрде қииылып, қонақтар ашық аспан астындағы бассейінді тамашалады.

Айта кетейік, демалыс орнында тереңдігі, көлемі әртүрлі, адамның жас ерекшеліктеріне сай 2 бассейін жабдықталған. Бір мезгілде 300 демалушыны қабылдайтын нысанда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Нысан аумағында 150 орынға арналған жабық шатырлар астында демалушыларға сусындар мен тағамдар ұсынылады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<