Қазалыда «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

190

0

Фото: Қазалы ауданы

Бүгінде қоршаған ортаның тазалығы барша қазалылықтар үшін күн тәртібінен түспейтін басты мәселеге айналған.

Әр сенбі сайын аудан тұрғындарымен қатар, аудандағы барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері өз аулаларынан бастап туған жердің тазалығы үшін аянбай еңбек етуде.

Бүгінгі сенбіде де аудан жұртшылығы елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» жаппай тазалық акциясына ауызбіршілікпен атсалысты.

Бұл жолғы сенбілік барысында Әйтеке би кентінің орталық көшелеріне басымдық беріліп, барлық тазалыққа қатысушылар орталық көшелердің мұнтаздай таза болуына бар күш-жігерін салды.

Сонымен қатар елді мекендерге баратын автожолдардың жиегінде өскен шөптерден тазарту жұмыстары, «Орыс қорымы» аумағы, Водокачка елді-мекеніне барар жол аумағы, Әйтеке би кентіндегі орталық көшелері және жол жиегіндегі бордюрлері әктеліп, көшедегі аяқ су арықтары тазартылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<