Қазалыда жаңа сауда үйі ашылды

645

0

Қазалы ауданында «AliNur» сауда үйі ашылды. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.


Ғимараттың салтанатты ашылуынан кейін аудан басшысы сауда үйін аралап, бутиктерді жалға алған сатушылармен тілдесті.

Сауда үйінің 1 қабатында асхана, ет және көкөніс өнімдері орналасқан. Ал 2-3 қабаттарында киім дүкендері, тігін шеберханалары, сұлулық салоны мен спорттық зал орналасқан.
Жеке кәсіпкер Наруызбаев Шалғынбек жаңа сауда үйін ашу арқылы 24 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды.
Айта кетейік, Қазалы ауданында өткен жылдың өзінде жаңадан 25 кәсіпкерлік нысан бой көтерді. Бүгінгі күні 6 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Ал осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 1,7 пайызға көбейіп, 9366 адамды құрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<