Қазалыдағы жанар-жағармай мәселесі талқыланды

591

0

Бүгін Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен аудандағы жанар-жағармай мәселесі туралы мәжіліс өтті.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне сенсек, 12 сәуірден бастап елімізде бензин 11 пайызға, дизель 20 пайызға өседі деп жоспарлануда. Нақтыласақ, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін өседі. Ал, дизель отыны 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін қымбаттайды.

Басқосу барысында аудандағы жанар-жағармай бағасы мен қорына байланысты аудан әкімдігі жанынан арнайы жұмысшы топ құрылды. Мақсаты – аудан көлеміндегі жанар-жағармай құю бекеттеріне күнделікті мониторинг жүргізу.

Топтың құрамында аудандық прокуратура, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлімдер, кент, қала және ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция бөлімі, кірістер басқармасы және кәсіпкерлік палатасының өкілдері бар. Жетекшісі – аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков.

Кездесуде аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы аудандағы жанар-жағармай бекеттерінің басшыларын, құрылыс және жол жөндеу мекемелерінің ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Сондай-ақ, топ құрамындағы жауаптыларға май құю бекеттері арасында бағаның қолдан көтеру келісімдеріне жол берілмеуін, осы турасында жалған ақпарат тарап кетпеуін бақылауды тапсырды. Одан бөлек, аталған жағдайлар егін маусымының мерзімінде басталуына кері әсерін тигізбеуі тиіс екенін ескертті.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<