Қазалылық ақын Ақжол Түменбай «Күміс қалам – 2025» иегері атанды

154

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Жыл сайын еліміздің Оңтүстігі – Шымкент қаласында поэзия әлеміне қадам басқан жас таланттарды қолдау, олардың шығармашылығына қанат бітіру мақсатында «Күміс қалам» республикалық байқауы өткізіліп келеді.

Биылғы жылы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында 4-ші мәрте ұйымдастырылған байқауға қазалылық жас ақын, қазақ эстрадасындағы бірнеше хит әндердің авторы Ақжол Түменбай қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Республикалық байқауда жеңімпаз атанған жерлесімізге арнайы естелік сыйлықпен қомақты жүлде 1 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Қазақ поэзиясының жас жұлдызына айналып келе жатқан жерлесімізді бүгінгі жеңісімен құттықтаймыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<