Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай барша қазалылықтар ағаш көшеттерін отырғызып, аудан аумағын жасылдандыруға белсене атсалысты.
Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағында мереке аясында ұйымдастырылған тал егу акциясына аудандағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудандық мәслихат депутаттары, түрлі сала қызметкерлері мен белсенді жастар және еріктілер қатысып, аудан аумағын көшетпен көмкерді. Бірлік күнінде қазалылықтар 200 түп ағаш көшеті мен 500 түп гүл отырғызды.
Аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш мереке аясындағы игі бастамаға атсалысып, барша шараға жиылғандарды мерекемен құттықтады.
Айта кетейік, ырыс пен ынтымақтың символына айналған мереке аясында дәл осындай тал егу акциялары ауданға қарасты барлық кент, қала және ауылдық округтерде жалғасын табуда.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<