Биылғы 6 айда Қазалы ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артық орындалды.
Жыл басынан 3 326 тонна ет, 8 748 тонна сүт және 804 мың дана жұмыртқа өндірілді. Осылайша, ет өндірісі 102,3 пайызға, сүт 101,3 пайызға және жұмыртқа өндірісі 92,5 пайызға орындалған.
Аудан шаруашылықтары 17 377 гектар жерге егін екті. Негізгі дақыл — күріш 6450 гектар, бақша 1115 гектар, көкөніс 950, картоп 315, мал азықтық дақылдары 6876 гектар жерге егілді.
Сырдария өзеніндегі су тапшылығына байланысты биік жердегі күріш егісінің көлемін қысқартып, әртараптандыру бағытындағы дақылдарды ұлғайтуға ерекше мән берілді. Атап айтқанда, жаздық бидай 81 гектарға, арпа 52, картоп 15, көкөніс 50, бақша 65, сүрлемдік жүгері 15 гектарға артық орналастырылды.
Cу тапшылығының алдын алу үшін осы жылы 3 көтерме насос сатып алынды. /Басықара, Құмжиек, Майлыбас/
Шаруашылықтар мен ауылдық округ әкімдерінің теңгерімінде 25 су сорғысы (су насосы) жұмыс жасауда.
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес бақша- көкөніс дақылдары жоспардан тыс қосымша 130 гектар жерге егілді.
Есепті кезеңде ауданнан Ресей, Белорусь, Дания, Германия, Тәжікстан, Қытай, Нидерланды елдеріне 3539 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (2421 тонна күріш, 557 тонна балық, 561 тонна қамыс) экспортқа шығарылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<