Қазан айында екінші деңгейлі баспаналардың бағасы сәл арзандаған

599

0

Сурет: pixabay

Қазан айында ел ішіндегі 17 өңірдің 11-інде, екінші деңгейлі баспаналардың бағасы сәл арзандаған. Қазір жалпы бір шаршы метрінің орташа бағасы 369 мың теңге.

Ең қымбат пәтер – Алматыда. Мегополисте шаршы метрі 707 мың теңгеден есептеледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Астанада 473 мың, Шымкентте 419 мың, Атырауда – 386 мың, Өскеменде – 380 мыңнан.

Ал ең арзан пәтерлер – Қызылорда мен Ақтөбе қалаларында.

Осылайша, Алматыдан бір бөлмелі баспананы орташа есеппен 24 млн теңгеге, ал Астанадан 17,7 млн теңгеге алуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<