ҚАЗАҚ КҮРЕСІ: ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАЛУАНДАР БІР АЛТЫН, БІР ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

5

0

Фото: Сыр спорты

Түркістан төрінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының демеушілігімен қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан Кубогі басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде қызылордалық екі балуанымыз бір алтын, бір қола медаль жеңіп алып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Нақтырақ айтсақ, 90 кг салмақ дәрежесінде Еңбек Сақтағанов – І орын,
+77 кг салмақ дәрежесінде Әсел Бисембай – ІІІ орын.

Жаттықтырушысы: Қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Болатбек Кенеев.

Жүлделі орындарға ие болған жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы