Сурет ашық дереккөзден
Қазақстанның ауыр атлеті Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында оқырмандарына қазақша видео-үндеу жасады. Видеода спортшы қазақ тілін үйренгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бейнежазбада Илья Ильин қазақша амандасып, қазақ тілін жетік меңгергісі келетінін айтты.
«Мен қазақша көбірек сөйлегім келеді, бірақ әзірше осы. Достар, мен қазақ тілін үйрену үшін өте көп жұмыс істеймін, және бұл маған ұнайды. Мен оқығанды және өзімді дамытқанды ұнатамын. Қазақ тілін үйренетін уақыт келді», дейді спортшы.
Сонымен қатар зілтеміршінің оқырмандары Илья Ильиннің бұл талпынысын жоғары бағалап, сәттілік тіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<