Қазақмыс пен KAZ Minerals су тасқынынан зардап шеккендерге 800 млн теңге бөлді

668

0

KAZ Minerals Group

Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі компаниялары – «KAZ Minerals Group» пен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Қазақстанның бірқатар өңіріндегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және табиғи апаттардың салдарын жою мақсатына 800 млн теңге бөлді. 

Қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, ең қажетті тауарларды сатып алуға және зардап шеккен аудандардағы инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады.

KAZ Minerals пен Қазақмыс компаниялары бұған дейін де Аягөз ауданы, Түркістан облысындағы су тасқынынан, Абай ауданындағы өрттен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіп, әлеуметтік жобаларға белсенді инвестиция салған болатын. 

1 сәуірде Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерді су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды.

Бұған дейін тағы қандай компаниялардың қолдау көрсеткені хабарланған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<