Қазақмыс жұмысшылармен келіссөздерді аяқтағанын мәлімдеді

76

0

Фото: Envato

Корпорация Оңтүстік Жезқазған кенішінің жұмысшыларымен келіссөздердің аяқталғанын хабарлады. Компания басшылығы мен кеншілер екі жаққа да қолайлы келісімге келді, деп хабарлайды Orda.kz.

Келісім аясында 13 жалақыға қосымша 30 пайыз үстемеақы төленеді. Тоқсан сайынғы үстемеақы және жалақыны 8,5%-ға индекстеу енгізілді.

Жұмысшылар өз тарапынан Оңтүстік Жезқазған кенішінің толық жұмысын қалпына келтіруге дайын екендіктерін жеткізді. Бұл ретте корпорацияның басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев компания тарапынан ереуілге қатысушыларға ешқандай талап қойылмайтынын айтты.

Ал, күндіз хабарлағанымыздай, Сәтбаев қаласының тұрғындары мен шахта жұмысшылары Ордаға ереуіл жалғасып жатқанын, барлығы жұмысқа шықпағанын, қалаға Ұлттық ұлан жасағы келгенін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<