QazaqQaz басшыларының ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

1007

0

Фото: QazaqGaz.kz

QazaqGaz ұлттық компаниясында аппарат басшысы Дидар Сағымбеков пен «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Бас директоры Ернар Құлқыбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат теріске шығарылды, деп хабарлайды Kazinform.

— Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері бойынша QazaqQaz-да ұсталғаны туралы бүгін БАҚ-та және телеграм-арналарда тараған ақпаратқа қатысты хабарлаймыз. Ақпараттық хабарламаларда аталған аппарат басшысы Д.М.Сағымбеков пен «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Бас директоры Е.Г.Құлқыбаев жұмыс орнында және штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдейміз. QazaqGaz ұлттық компаниясы жемқорлық фактілеріне және басқа да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысты әрқашан ашық позицияны ұстанады. Сондықтан сотқа дейінге тергеу амалдарына жан-жақты қолдау білдіруде, — деп жазды «QazaqGaz» ҰК АҚ баспасөз қызметінің басшысы Мақсат Төлегенов Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін Антикор QazaqGaz бағынышты ұйымында тергеу жүріп жатқанын растағанын жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<