Қазақстан 2026 жылы 40 елмен халықаралық автожүк тасымалы квотасын келісіп қойды

5

0

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бүгінгі күні отандық тасымалдаушылар әлемнің 42 елімен жасалған автомобиль көлігі туралы үкіметаралық келісімдер аясында жүк тасымалдарын жүзеге асырып келеді. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Аталған келісімдердің 33-і жүк тасымалына толық рұқсат беру жүйесін көздейді, 8-і тек үшінші елдерге және үшінші елдерден жүк тасымалдау үшін рұқсат беру жүйесін қарастырады (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Армения, Румыния, Сербия, Иран (келісімге қол қойылған)), ал 2-і көлік құралдарының толық рұқсатсыз өтуін көздейді (Тәжікстан, Түрікменстан (келісімге қол қойылған)). Осыған байланысты жыл сайын халықаралық автомобиль тасымалдары нарығындағы отандық мүдделерді ескере отырып, шетелдік уәкілетті органдармен рұқсат бланкілерін алмасу жүзеге асырылады. Бұл бланкілер автоматтандырылған жүйе арқылы бөлініп, өтінімдер негізінде отандық тасымалдаушыларға беріледі, — делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәліметіне қарағанда, осылайша, 2026 жылға 40 мемлекетпен шамамен 150 мың рұқсат бланкісін алмасу жөнінде алдын ала квота келісілді. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жалғасын табады.

Бұдан бұрын ЕАЭО жүк тасымалын қадағалау жүйесін енгізетінін жазғанбыз.