Қазақстан аумағындағы суық ауа райы алдағы 3 күнде сақталады

577

0


«Қазгидромет» РМК 10-12 маусым күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Қозғалысы баяу оңтүстік циклоны Қазақстан аумағында әлі де тұрақтайды. Осыған байланысты алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр күтіледі, орталықта және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауып, екпінді жел, бұршақ болжанады. Сондай-ақ оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының төмендеуіне скандинавиялық кезекті суық антициклон ықпал етеді. Бұл аймақтарда термометр бағандары түнде 2-10 жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыға дейін, оңтүстікте 7-18 жылыға дейін, күндіз 22-35 жылыға дейін төмендейді. Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 15-23 жылыға, күндіз 25-37 жылыға дейін өзгереді.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<