Қазақстан бойынша бүкіл республикалық жолдар ашық

353

0

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық жолдар барлық бағыттар бойынша ашық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, республикалық маңызы бар тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасымен өңдеуге 230 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылған.

Демалыс күндері күре жолдарға 300 м3-тен астам құм-тұз қоспасы себілді.

26-27 желтоқсан аралығында еліміздің 9 өңірінің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 40-тан астам рет қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жолшылар республикалық трассаларда қар құрсауында қалған 300-ден астам жүргізушіге көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар тасжолдар ашық.

ҚазАвтоЖол мамандары жолдың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр.

Өткен демалыс күндері 1403 қысқа нөміріндегі call-орталыққа республикалық трассадағы жолаушылардан 2000-нан астам қоңырау түскен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<