«Қазақстан халқына» қорының 818 грантын жеңіп алған түлектердің тізімі шықты

818

0

«Қазақстан халқына» қорының білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тізімді қордың сайтынан көруге болады.

Білім гранттары талапкерлерге бағдарламаның мына критерийлері бойынша берілді:

– ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан – 197 талапкер немесе 24,1%;

– жетім немесе кәмелетке толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – 177 талапкер немесе 21,6%;

– мүгедектігі бар – 181 талапкер немесе 22,1%;

– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан – 261 талапкер немесе 31,8%;

– 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған ҚР азаматтарының балалары – 2 талапкер;

– 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде жараланған балалар – 1 талапкер.