Қазақстан халқының саны 20 316 155 адамға жетті

364

0

Фото: t.me/statistika_rasmiy

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша халық саны 20 316 155 адам болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Оның ішінде:

қала тұрғындары – 12 813 769
ауыл тұрғындары – 7 502 386

Былтырғы жыл басынан бері халық саны 282 313 адамға өсті.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді.

Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн).

Айта кетейік, 2050 жылы Астанада халық саны 3,5 млн адамға жетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<