Қазақстан халқының саны 20 млн 14 мың болды

725

0

Фото: Kazinform

2023 жылғы 1 желтоқсанда халық саны 20 014 575 адам болды. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам, деп хабарлайды Kazinform ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артты.

Оның ішінде табиғи өсім есебінен – 239 422 адамға, көші-қон есебінен – 8 346 адамға өсті.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11% бен 2,82%, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелді – 2,40%.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<