«Қазақстан Халық банкі» АҚ 4 шілдеден бастап бизнес клинеттері үшін жаңа тариф енгізеді.
Банк баспасөз қызметінің мәліметінше, «Клиент есепшоты: ашу, жүргізу және жабу» және «Теңгемен аударым операциялары» бөлімдері өзгеріске ұшырайды. Ендігі уақытта қағаз күйіндегі төлем құжаттарын өңдеу бұрын 1 мың теңге болса, енді 5 мың теңгеге қымбаттайды.
Дәл осы операция АПС-мөр/Qprint қолданған кезде әр құжат үшін 4 есеге, 2 мың теңгеге дейін қымбатқа түсетін болады.
«Тарифтердің көтерілуі – бұл клиенттерді барынша экологиялық әрі қолайлы цифрлық сервиске көшуге ынталандыру. Бұл өзгерістер қағаз ағымын төмендетуге және нәтижесінде банктің экологиялық ізін қысқартуға бағытталған. Halyk Bank цифрландыру экологиялық жауапкершілік дәуірінде ESG ұстанымдпарын қолдауға батыл шешім қабылдайды. Энергетикалық шығарындылар мен қағаздық қолдануды қысқарту табиғатқа деген қамқарлықты ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге банктің цирфлық қызмет көрсетуге көшу жөніндегі барынша кең ауқымды стратегиясының бөлігі саналады», – деп атап өтеді банк баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар банктің атап өтуінше, аталған қызмет онлайн-форматта қолжетімді және тарифтің көтерілуінің оларға қатысы жоқ. Демек, клиенттер аталған қызметтерді үйден немесе кеңседен шықпай-ақ ескі тарифпен жылдам, ыңғайлы түрде ала алады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<