Қазақстан көмірін алыстағы елдерге экспорттау 6,5 есеге өсті

534

0

Фото: Kazinform

Қазақстан көмірін алыстағы мемлекеттерге экспорттау көлемі артты. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрілігі баспасөз қызметінен мәлім болды.

«Өндірілген көмірдің жалпы көлеміндегі экспорттың үлесі тарихи түрде 26-28 пайыз шегінде. Кейінгі бес жылдағы көмір экспортын талдай келе, экспорттық әлеуеттің прогрессивті сипатта екені көрініп тұр. ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша алыс шет елдерге тас көмір мен лигнит экспорты 6,5 есеге (1,3 млн тоннадан 8,5 млн тоннаға дейін) ұлғайды. Ең алдымен, бұл жағдай Еуропа одағының Ресей Федерациясына қатысты қабылдаған санкциялық шараларына, олардың қазақстандық көмірге деген сұранысының артуына және оның құнының өсуіне байланысты», – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген ресми жауабында.

Атап айтқанда, алдағы кезеңде көмірді алыстағы мемлекеттерге өткізу көлемі тағы да артуы мүмкін.

«Осылайша, біздің жер қойнауын пайдаланушылардың экспорттық әлеуеті негізінен көмірге сұраныстың артуына байланысты алыс шетелдерге бағытталады», – деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көмір өндіруді жыл сайын ұлғайту ескерілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<