Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

78

0

Фото: қала әкімдігі

Бүгін қалалық мәслихаттың мәжіліс залында қала әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тлеуімбетов, қалалық мәслихаттың төрағасы Ибадулла Құттықожаев және қалалық мәслихаттың түрлі шақырылымындағы депутаттар, ардагерлер қатысты.

Шаһар басшысы жиналған қауымды Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығымен құттықтап, депутаттарды қала халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар мен бастамаларды іске асыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

«Сыр өңірінде тәуелсіз еліміздің мәслихаттар жүйесінде үлгілі еңбек еткен, қызмет жасап жүрген депутаттарымызды халық жақсы біледі. Өзім де бұған дейін Өздеріңізбен депутаттық корпуста бірге қызмет жасадым, қазір әріптестік байланысымыз нығая түсті. Сіздердің қажырлы қызметтеріңізге, әділетті шешімдеріңіз бен қолдауларыңызға аймақ басшысының және өзімнің атымнан алғысымды білдіремін», – деді Нұржан Сәбитұлы.

Жиында түрлі шақырылымдарда депутат болған ардагерлер «Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл» төсбелгісімен, қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Салтанатты шара соңында жиналған қауым депутаттық бөлмедегі фото-шежіремен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<