Қазақстан мен Әзербайжан арасында 2022 жылы сауда айналымы 39%-ға өсті

438

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 461,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ға көп (332,2 млн доллар), делінген ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының есебінде. Бұл туралы ҚазАқпарат меншікті тілшісі хабарлайды.

Бұл ретте, егер Қазақстаннан Әзербайжанға экспорт 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда шамамен 30%-ға (375,3 млн.) артса, Оңтүстік Кавказ елінен импорт 86,6 миллион долларды құрап, рекордтық 95%-ға жоғарылаған. Бұл екі ел арасындағы сауда балансының жақсарғанын көрсетеді.

Әзербайжанға экспорт шикі мұнай (74,9 млн), бидай (өсімі 3,7 есе немесе 69,9 млн доллар), мұнай өнімдері (3,1 есе немесе 56,8 млн доллар) және басқа да тауарлар жеткізілімінің ұлғаюы есебінен өсті. Ал, арнайы мақсаттағы қалқымалы құралдарды жеткізу 92,7%-ға (120,7 млн доллар ), темір жол электр локомотивтері – 60,8%-ға немесе 21,6 млн долларға төмендеген.

Әзербайжаннан импорттың өсуі елімізге қант (147,2 есе немесе 13,6 млн доллар), арнайы мақсаттағы қалқымалы құралдар (6,3 есе немесе 11,4 млн доллар), круиздік экскурсиялық кемелер, паромдар және жолаушыларды тасымалдауға арналған басқа да құралдар (8,4 млн доллар), қара металдардан жасалған құбырлар (7,7 млн) сияқты тауарларды әкелудің артуымен негізделген.

Сонымен қатар, өткен жылы бұл елден ҚР-ға пропилен полимерлері (35,4%-ға төмендеген немесе 5,4 млн доллар), этилен полимерлері (54,3%-ға немесе 3,6 млн доллар), жаңғақтар (29,6%-ға немесе 1,1 млн долларға) аз әкелінген, ал геодезиялық немесе топографиялық аспаптар мен құралдар біздің елге импорттауды мүлдем тоқтатты.

Тамыз айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барды. Келіссөздер нәтижесінде тараптар экономика саласындағы бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды, сондай-ақ жақын арада елдер арасындағы өзара сауданы жылына бір млрд долларға дейін ұлғайтуға уағдаласқан болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<