Қазақстан өткен жылы қанша инвестиция тартты

243

0

Коллаж: Canva

2024 жылдың біріші жартыжылдығында еліміз 9,8 млрд доллар тікелей шетел инвестициясын тартты.

Бұл ретте инвестицияның басым бөлігі тау-кен өндіру өнеркәсібіне бағытталды. Ал ең ірі инвесторлар Нидерланд пен Ресей болды.

Тартылған инвестициялар

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға тартылған тікелей шетел инвестицияның жалпы көлемі – 9,8 млрд доллар. Бұл – биылғы жоспарлы көрсеткіштің 40 пайызына тең.

Есте болса, 2023 жылдың қорытындысында елімізге тартылған тікелей шетел инвестициясының көлемі 23,6 млрд долларға жеткен еді. «Kazakh Invest» компаниясының дерегінше, әлемдік экономаикалық конъюктурадағы айтарлықтай қарқынды сипатты ескерер болсақ, бұл нәтиже Қазақстандағы сенімді әрі тартымды инвестициялық ахуалды білдіреді.

2024 жылдың І жартыжылдығындағы тікелей шетел инвестициясы бойынша топ-10 ел:

Нидерланд – $2,1 млрд
Ресей – $1,7 млрд
Бельгия – $764,7 млн
Қытай – $664,7 млн
Оңтүстік Корея – $597,6 млн
Сингапур – $555,6 млн
Франция – $404,3 млн
Швейцария – $362,9 млн
Люксембург – $359,4 млн
Ұлыбритания – $354,4 млн.
2023 жылдың 6 айымен салыстырғанда Нидерландыдан инвестиция көлемінің 30,8 пайызға, сонымен қатар Швейцариядан 79 пайызға айтарлықтай төмендеуі тіркеліп отыр. Бұл ретте Ресейден келген инвестиция көлемі 51,8 пайызға, ал Бельгиядан 30,7 пайызға өсіп, Сингапурдан инвестиция ағыны 2 еседен астамға ұлғайған.

Салалар бойынша

Тікелей шетел инвестициясы жиынтық ағынының ең мол мөлшері тау-кен өндіру өнеркәсібінде тіркелді – 4 млрд доллар. Дегенмен, Ұлттық банк мәліметіне қарағанда, бұл көрсеткіш 2023 жылдың 6 айындағы инвестиция көлемінен 28,5 пайызға төмен. Одан кейінгі орындарда көтерме және бөлшек сауда – 2,7 млрд доллар, өңдеу өнеркәсібі 1,5 млрд доллар көрсеткішпен тұр.

Көлік пен қоймалауға – 680,6 млн, қаржы мен сақтандыру қызметіне – 389,1 млн, ақпарат пен байланысқа 218,3 млн доллар инвестиция құйылды.

Өңірлер бойынша

Өңірле рарасында инвестиция тартуда Алматы қаласы белсенділік танытып отыр. Қалаға 3,8 млрд доллар келген. Одан кейінгі орында 1,1 млрд доллар инвестициямен Атырау облысы тұр. Дегемен, өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда өңірге тартылған инвестиция көлемі 70 пайызға жуық төмен. Ал Түркістан облысы 685,1 млн, Батыс Қазақстан облысы 647 млн доллар инвестиция тартты.

Қолдау шаралары

«Kazakh Invest» компаниясының хабарлауынша, 2024 жылы инвестициялық қызметті қолдау немесе шетел инвестициясын ынталандыру шарасы ретінде инвестициялық жеңілдіктер ұсынылады. Ол инвестициялар туралы келісімшарт немесе келісім негізінде беріледі.

Шаралар:

Мұның үстіне, бүгінде Инвестициялық штабтың хаттамалық шешімімен инвестициялық жобаларды «жасыл дәлізге» қосу әдістемесі қабылданды. Әдістеме инвестиция көлемі, жобаның технологиялығы инвестордың Fortune Global 2000-де болуы, халықаралық биржаларға арналған листинг пен жұмысын орнын құру сынды өлшемшарттарды қамтиды.

Басымдыққа ие секторлар

Еліміздің инвестициялық саясаты аясында инвестиция тарту үшін басымдыққа иек секторлар айқындалған. Оларға мыналар кіреді:

тамақ өнеркәсібі;
мұнайды, газды және пайдалы қазбалаларды (металлургия, химия мұнай химиясы) терең өңдеу;
машина жасау.

Сондай-ақ логистика, цифрлық және «жасыл» технологиялар сияқты салаларға да басымдық беріледі.

Бұл ретте еңбек өнімділігінің артуына, экспортын көлемін ұлғайту мен күрделілігін арттыруға, сонымен бірге өндірісті біртіндеп жергіліктендіруге баса назар аударылады, – деп атап өтеді Kazakh Invest компаниясынан.

2024 жылы елімізден қанша инвестор кетті?

Инвесторлар Қазақстандағы өз қызметінің аяқталғаны немесе елімізден кететіндігі жайлы «Kazakh Invest» компаниясына ескертпейді. Жалпы, өткен жылы жүзеге асырылған жобадан кеткен инвесторлар байқалмады.

Еуразиялық өңірдегі өзара инвестиция

Еуразиялық даму банкінің хабарлауынша, Қазақстан тартылған инвестицияның рекордтық өсімін көрсетіп, Еуразиялық өңірдегі негізгі өзара тікелей инвестиция алушы болып отыр.

2024 жылдың І жартыжылдығының соңында Еуразиялық өңір елдерінің жинақталған өзара тікелей инвестициясының жалпы көлемі 46,1 млрд долларды құрады. Ал негізгі алушы елдер мыналар – Қазақстан (10,4 млрд доллар), Өзбекстан (10,2 млрд доллар), Әзербайжан (5,8 млрд доллар). Бұл ретте Қазақстан 2022 жылға қарағанда тартылған өзара тікелей шетел инвестициясы бойынша рекордтық 17 пайыз өсім көрсетті.

Қазақстан – инвестор ел ретінде Орталық Азиядағы көшбасшы. 2024 жылыдң І-жартыжылдығының соңында республикаға экспортталған инвестицияның жалпы көлемінің 80 пайызы немесе 671 млн доллары тиесілі болды.

Қазақстандағы инвестициялық ахуал

АҚШ-тың ИНвестициялық ахуал жөніндегі мемлекеттік департаментінің «2024 Investment Climate Statements» баяндамасына сәйкес, Қазақстан нарықтық экономика құру және де әсіресе табиғи қазбалар саласында шетел инвестициясын тартуда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді. Сонымен қатар ел Үкіметі орын алған проблемаларға қарамастан экономиканы әртараптандыруға, іскерлік ахуал мен инффрақұрылымдарды жақсартуға ұмтылады.

Сондай-ақ Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның ұзақмерзімді рейтингін Baa2-ден Baa1-ге дейін көтерді, болжам – «Тұрақты». Бұл ретте берілген рейтинг республиканың тәелсіздік жылдары ішіндегі ең жоғары көрсеткіші саналады. Moody’s сарапшылары іскерлік ахуалды жақсарту және инвестиция тарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмысты, қолайлы бизнес-экожүйесін құру мен бюрократиялық кедергілерді қысқарту шараларын оң бағалап отыр. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның іске қосылу әкімшілік процестерді жеделдетеді. Орта дәліздің келешегі ел экономикасының әртүрлі шикізаттан тыс секторларына, оның ішінде автомобиль жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдары салаларына шетел инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, несие рейтингтің жоғарылауы экономикалық және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ экономикаға капитал нарықтарынан инвестиция тарту және тікелей шетелдік инвестициялар көлемін арттыру шарттарына оң әсер етеді.

Қазақстан өзінің негізгі инвестициялық артықшылықтарын, атап айтқанда географиялық орналасуын, нарықтарға қолжетімділігін, орасан зор табиғи ресурстарды және ең маңыздысы адами капиталды сақтап қалды, – деп атап өтеді Kazakh Invest.

Мұның үстіне халықаралық аренадағы соңғы оқиғаларды ескере отырып, ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып келеді.

Айта кестек, біраз жылдан бері ел экономикасын әртараптандыру бағытында қолға алынған жобалар мұнайға тәуелділікті біртіндеп қысқарта бастады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<