Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі тағайындалды

331

0

Сурет; Қазтелеком

Бүгін, 10 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Қуанышбек Есекеев 1975 жылы Алматыда дүниеге келген.

1995 ж.Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді.

«Қазақойл» ЖАҚ-ының, «Қазақстан темір жолы» РМК-інің ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды.

2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті.

2004 ж. мамырдың 13 бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2006 ж. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы болып тағайындалды.

2010 жылдан – «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<