Қазақстан сейсмологтері Тәжікстандағы жер сілкінісін тіркеді

120

0

Фото: Анадолы

Жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілген жоқ, деп хабарлады Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы.

ТЖМ Сейсмикалық зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 24 маусымда Астана уақытымен сағат 11:36-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің координаттары: 39.161 с.е. 71.612 ш.б.

Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстанда – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 632 шақырым жерде орналасқан.

Айта кетейік, ТЖМ «Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Ресей Федерациясы аумағында болған жер сілкінісін тіркеді.