Қазақстан шекарасының маңынан қауіпті кене түрі табылды: Қалай қорғану керек

8

0

Фото: dervirgul.com

Ресейдің оңтүстік өңірлерінде, Қазақстан шекарасына жақын аумақтарда мутант кене, яғни өрмекші тәрізді Hyalomma анықталды. Ол басқа кенелерден жылдам, әрә және бірнеше шақырымнан адамның ізіне түсе алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Санитарлық дәрігерлер өрмекші тәрізді Hyalomma кенесін ең қауіпті деп атады. Биыл кененің бұл түрі  ерекше белсенді. Көбіне елдің оңтүстігі мен батысындағы далада, шөлейтте және жайылымдарда кездеседі. Әдетте, кенелер құстар мен жануарларда паразиттенеді, бірақ адамдарға да шабуыл жасауы мүмкін.

“Адамға шабуыл жасауы мүмкін. Әрине, тура мағынада емес, олар бұталарда, биік шөп арасында жасырынып, құрбанын күтеді. Көбіне жануарлар мен адамның жылуына реакция береді. Содан кейін адамды немесе жануарды бірнеше шақырымдап “іздеп” жүруі мүмкін”, – дейді ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева.

Гүлнәр Бюттнер кенелермен талай рет жұмыс істегенімен, Hyalomma туралы бұрын естімегенімен. Айтуынша, 20 жыл ауылда тұрғанда өзіне жабысқан қауіпті жәндіктерді өзі алып тастайтын. Бірнеше рет кене шағып та үлгерген, бақытына орай, оның салдары ауыр болмаған.

Айтуынша, ондай жағдайлар шөп қалың, ағаштар көп болғандықтан жиі болатын. Орманда серуендегеннен кейін міндетті түрде өздерін бір тексеріп шығады. Сондай-ақ екпе де алу қажет болған. Оның сөзінше, кене отырған жерді бірден сезуге болады, ол жер сәл қышып тұрады.

“Әр серуеннен кейін міндетті түрде киімін де, өзін де мұқият тексереді. Бұл бекер емес: кене маусымы енді басталса да, алматылықтар қазірдің өзінде шағымдана бастаған. Соңғы бір айда дәрігерлерге 78 адам жүгінген. Зардап шеккендердің жартысынан көбі – 14 жасқа дейінгі балалар. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, бұл көрсеткіш қалыпты деңгейде. Топырақ жылып, кенелер белсенді түрде көбейе бастаған”, – дейді Гүлнәр Бюттнер.

Қауіпті азайту үшін қалада арнайы өңдеу жұмыстары басталды.

“Жалпы Алматы қаласы бойынша 2366 гектардан астам аумақ өңделеді. Нақтырақ айтқанда, бұл – қалалық саябақтар мен скверлер, сондай-ақ халық жиі баратын орындар: Алма-Арасан, Бутаков шатқалдары, Медеу саябағы және басқа да аймақтар”, – дейді Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Мамандардың айтуынша, соңғы рет мұндай ерекше белсенді кенелер Алматыда бес жыл бұрын байқалған. Hyalomma кенелері басқа түрлерге қарағанда қауіпті. Олар көбіне Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын, кене энцефалитін және басқа да ауруларды таратады. Сонымен қатар кененің жұқтырған-жұқтырмағанын сырт көзбен анықтау мүмкін емес. Ал ауру белгілері бірден емес, біраз уақыттан кейін пайда болуы мүмкін.

Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, егер денеңізден кене байқасыңыз, міндетті түрде ең жақын травматологиялық пунктке жүгіну керек. Көбінесе ата-аналар кенені өздері алып тастауға тырысады. Кейде тіпті, ұмытып кетіп, дәрігерге қаралмайды. Оның сөзінше, дәрігерлер шаққан кененің қандай да бір ауру қоздырғышын тасымалдаушы емес екеніне 100% кепілдік бере алмайды.

Қауіпті жәндіктер белсенді болса да, мамандар дүрлікпеуге шақырды. Айтуынша, қалада жұқтырылған кенені кезіктіру қаупі төмен.