Қазақстан шетелде оқитын студенттердің саны бойынша әлемде 9-орында тұр

613

0

Фото: Kazinform

ЮНЕСКО статистикалық институтының жаңартылған деректері бойынша Қазақстан шетелде оқитындар саны бойынша әлемде 9-орынға ие болды (91,2 мың студент). Бұл туралы Ұлттық инвесторлар қауымдастығы талдау жасапты.

Әлемдегі ең тығыз қоныстанған екі ел, Қытай мен Үндістанда шетелде оқитын студенттер көп болып шықты. Мәселен, шетелде миллионнан астам (1,021 мың) қытай студенттері оқиды, ал үнді студенттерінің саны осы көрсеткіштің жартысына жуығын (508,2 мың) құрады. Одан әрі Вьетнам (137 мың), Германия (126,4 мың) және Өзбекстан (109,9 мың) орналасқан.

Алайда, егер шетелде оқитын студенттердің тиісті кезеңдегі халыққа ара қатынасын есептесек, онда Қазақстан 0,48% үлесі бар елдер арасында 1-ші орынды алады.

Одан кейін Сирия (0,46%) және Өзбекстан (0,31%) жайғасқан. Шетелде оқитын студенттер саны бойынша салыстырмалы түрде жоғары көрсеткіштерге ие Қытай мен Үндістан, сонымен бірге студенттердің халық санына қатынасы бойынша көрсеткіштері төмен (Қытай 0,07%, Үндістан 0,04%).

Студенттер оқуды таңдаған елдерге келсек, бұл АҚШ (833 мың), одан кейін Ұлыбритания (601 мыңға жуық), Австралия (378 мыңға жуық), Германия (376 мыңнан астам) және Канада (318 мыңға жуық).

Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда 186 мың түлек 11 сыныпты бітірді. Олардың ішінде 7 420 оқушы (түлектердің 4%) «Алтын белгіге» ие болды, ал 13 727 оқушы (түлектердің 7%) жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<