Сурет ашық дереккөзден
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы кейбір пойыздардың өз кестесінен кешігіп жүретінін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жөндеу-жол жұмыстарына байланысты белгілі бір телімдерде пойыздар қозғалысының жылдамдығы кестеде көрсетілген жылдамдықтан өзгеше болуы мүмкін.
Келесі пойыздар өз кестесінен кешігіп жүруі мүмкін:
Астана – Алматы
Алматы – Петропавл
Шымкент – Астана
Жезқазған – Алматы
Алматы – Орал», – деп жазды ведомстводан.
Компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауды өтінеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жөндеу жұмыстары аясында пойыздар қозғалысы кестесін сақтау бойынша күнделікті шаралар жүргізуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<