Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымының төрағалығын қолға алды

570

0

Фото: Kazinform

Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде ұйымға төрағалық Қазақстанға табысталды, деп хабарлайды Kazinform.

«Өзбекстан өзара ықпалдастыққа тың серпін беру үшін белсенді жұмыс жүргізді. Шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан төрағалық тізгінін ресми түрде өз қолына алды. Бұл зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Біздің еліміз ұйымды одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін салады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Түркі кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Әзербайжанның Нахшыван қаласында құрылған болатын. 2022 жылдың желтоқсанында Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 9-саммитінде ұйымға төрағалық Түркиядан Өзбекстанға берілген еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<