Қазнетте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жаңа үйлер салуға 22 млн теңге төлеуді тапсырғаны туралы жалған ақпарат пайда болды. Бірақ бұл «фейк» ақпарат, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәліметінше, су тасқынынан зардап шеккен адамдарға 22 млн теңге төлеу туралы қауесет тарап кеткен.
«Қазақстан Үкіметі су тасқынынан қираған әрбір үйдің құрылысына 22 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Дәлірек айтсақ, біз қазір мемлекеттік сараптама сатысында тұрған эскиздік жобаға сәйкес ауданы 80 шаршы метр болатын бір тұрғын үйдің құны туралы айтып отырмыз», – деді ҚР ЖПҚ ресми өкілі Меруерт Ибраева.
Ол бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін тұрғын үй құрылысына бөлінетінін атап өтті.
Бұған дейін қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеп жатқаны туралы ақпарат таратқан болатын. Бірақ 2024 жылдың 7 сәуірінде ведомство бұл ақпарат «шындыққа жанаспайды» деп мәлімдеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<