Қазақстан университеттерінің филиалдары шетелде ашылады

774

0

Жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру жөніндегі жұмыс жалғасады. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық жоғары оқу орындарының экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту үшін филиалдарды ашу іс-шаралары жалғасады. Жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру жөніндегі жұмыс жалғасады. Әріптестермен бірлесіп Қазақстан платформасында Орталық Азия елдерінің өзара іс-қимылын үйлестіретін бюро құру мәселесі пысықталды», – деді С. Нұрбек.

Осы орайда ол жоғары білім беруді интернационалдандыру бастамалары Қазақстанның «Жібек жолы» халықаралық жобасы аясында жалғасатынын атап өтті.

Сонымен қатар министр қазіргі уақытта жоғары білім беру саласындағы реттеуші 62 актіні қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<