Қазақстан жалпы медальдар кестесінде қай орында тұр

10

0

Фото: ХОК баспасөз қызметі

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 29-орында келеді.

Бүгінгі жалпы медальдар кестесі бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен 29-орынға жайғасты. Ал, жалпы медальдар саны бойынша АҚШ құрамасы көш басына шықты. Олардың еншісінде 19 алтын, 26 күміс, 26 қола медаль бар. 

Ал екінші орында Қытай құрамасы келе жатыр. Олардың еншісінде де 19 алтын, 15 күміс, 11 қола медаль бар. Ал үздік үштікті 12 алтын, 14 күміс, 18 қола жүлдемен Олимпиада қожайындары Франция құрамасы түйіндеп тұр.

Бүгін Париж Олимпиадасында 1 мемлекеттің қоржынына алғашқы жүлделері түсті. Осылайша медаль алған елдер саны 61-ге жетті.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<