Қазақстанда 5G желісін құруға қатысты қандай жеңілдіктер берілетіні анықталды

662

0

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 5G жаңа байланыс түрін құруға қатысты қандай жеңілдіктер берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.

«5G жаңа байланыс түрін құруға инвестициялар тарту және жасанды интеллектіні дамыту мақсатында радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін 5 жыл мерзіміне 10 есеге дейін төмендету ұсынылады», – деді министр заң жобасы бойынша баяндаған кезде.


Сонымен қатар, жеке тұлғаларға қызметтері мен тауарларын электронды түрде өткізетін шетелдік интернет-компаниялар қосылған құн салығын төлеуге міндетті болады. Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында «Қазақтелеком» АҚ басқарма басшысы Қуанышбек Есекеев 5G жоғары жылдамдықты интернетті енгізу процесіне қатысты түсінік берді.

Осы орайда ол жаңа технологияны дамытуда байланыс операторлары өзінің қаржысын салатынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<