Топ-баннер2

Қазақстанда 8 наурызда ауа райы қандай болады – Синопниктер болжамы

6

0

Фото: depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Болжамға сәйкес, мерекелік демалыс күндерінің қарсаңында Қазақстанда ауа райы құбылмалы ауа райы сақталады. Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Солтүстік пен солтүстік-батыста кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал елдің оңтүстігінде нөсер жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман болжанады. Солтүстік өңірлерде боран соқса, оңтүстікте найзағай болуы мүмкін.

Кейінгі күндері ауа температурасы айтарлықтай жоғарылағаннан кейін, болжамды кезеңнің аяғына қарай елдің батысы мен солтүстік-батысына қайтадан арктикалық суық ауа таралады. 

«Түнгі уақытта батыста ауа температурасы 5-15 градус аязға дейін төмендейді, солтүстік-батыс пен елдің қиыр солтүстігінде 15-25 градус аязға дейін барады. Ал елдің оңтүстігі мен шығысында, керісінше, температуралық фон одан әрі жоғарылап, көктемнің лебі сезіледі», – деді метеорологтар.

11 наурыздан бастап ауа температурасының төмендеуі орталық пен шығыс өңірлерде де күтіледі.