Қазақстанда 9 айда қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға артты

601

0

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметтеріне сәйкес, елімізде 9 айдың қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86 пайызға (өткен жылы – 82%) дейін өсті. Бұл туралы Kazinform ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматтардың банктік салымдарының сақталуын 19 банк қатысатын салымдарға кепілдік беретін мемлекеттік жүйесі қамтамасыз етеді. 20 млн теңге мөлшеріндегі депозиттердің қайтарылуына мемлекет кепілдік береді.

Ақшаны депозитке салу олардың сақталуына ғана емес, инфляциядан қорғауға да кепілдік береді. Осыған байланысты, банктердегі жеке тұлғалар депозитінің саны 16,9 миллионнан 19,8 миллионға дейін өсті, жылдық өсім 14,3%-ды құрады, депозиттердің жалпы көлемі 18,6 трлн теңгені құрады. (Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының деректері).

Мемлекет салымдарға кепілдік беру жүйесіне 19 қатысушы банктің әрқайсысында 20 миллион теңгеге дейінгі банктік салымдар бойынша өтелуіне кепілдік береді. Ел айналымындағы қолма-қол ақшаның мардымсыз сомасын ескере отырып, әрбір азамат декларациялау кезінде 34,5 миллион теңгеден (10 000 АЕК) аспайтын қолма-қол ақшаны көрсете алады. Өзге қаражаттың болуын екінші деңгейдегі банктер растайды.

Салық кодексінде банктердің салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді салық органдарына беруге міндеттілігі қарастырылған (Салық кодексінің 26-бабы).

Бұл талап Конституцияның нормаларына қайшы келмейді, өйткені бұл құқықты шектеуге заңда нақты белгіленген жағдайларда және тәртіппен жол беріледі (Конституцияның 18-бабының 2-тармағы).

Осыған байланысты «Банктер және банк қызметі туралы» Заңның (50-бап) және Салық кодексінің (30-бап) нормалары салық салу мақсатында банк құпиясын жария етуді көздейді.

Шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша анық декларациялау қажет екеніне назар аударамыз. Алдағы уақытта салық салынатын кірісті анықтау кезінде активтердің құны ескерілетін болады.