Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

667

0

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда ауа райында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді. Республиканың батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағы бұрынғысынша атмосфералық фронталь бөліктер ықпалында болады: қар жауып, жел күшейеді.

«Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді, алайда республиканың оңтүстігінде ауа температурасының күндіз 2 градус аяздан – 3 градус жылыға дейін, солтүстік және таулы аудандарда 5 градус аяздан 5-10 градус жылуға дейін, елдің оңтүстік-шығысында 2 градус аяздан – 3 градус жылыға дейін біртіндеп көтерілуі болжанады», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<