Қазақстанда балық 15%-ға қымбаттаған

1313

0

Қазақстанда бір жыл ішінде балық 15%-ға күрт қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Energyprom сарапшылары келтірген дерекке сәйкес:

  • жаңа немесе салқындатылған балық – 15%-ға;
  • мұздатылған балық – 15,1%-ға;
  • мұздатылған асшаяндар – 26,4%-ға қымбаттаған.

Әсіресе Павлодар, Қостанай және Маңғыстау облыстарының тұрғындары бағаның қымбаттағанын қатты сезінді.

Осылайша:

  • тұздалған майшабақ бір жылда 34,2%-ға;
  • балықтың дәмді консервілері – 29,6%-ға;
  • майдағы шпроттар – 24,9%-ға;
  • суық ысталған скумбрия – 23,8%-ға;
  • тұзды балық – 22,2%-ға;
  • қызыл уылдырық – 21,2%-ға.

Қорытындылай келе, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 30,9 мың тонна жаңа, салқындатылған және мұздатылған балық өндірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<