Қазақстанда «Бірлік ансамблі» құрылды

589

0

Фото: Қызылорда ассамблея

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 1 наурыз – Алғыс айту күні, жаңа «Бірлік ансамблі» атты ән-би ұжымының тұсаукесері – концерт өтеді.

Шығармашылық ұжым Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан жанды аспаптық сүйемелдеумен әлем халықтарының билерін зерделейтін және кәсіби деңгейде орындайтын халықаралық ұжымды қалыптастыру, өскелең ұрпақты басқа ұлттардың өнері мен мәдениетімен таныстыру, сондай-ақ қоғам санасында мәдени код ретінде көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында құрылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<