Қазақстанда биыл тағы 55 елді мекенге газ тартылады

498

0

Фото: ашық дереккөз

Биыл тағы 55 елді мекен газбен қамтылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Газдандырудың бас схемасын қаржыландыру бюджет қаражаты, газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор – QazaqGaz кірісі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен жүзеге асырылады. Жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ұлғаюы газбен жабдықтау деңгейін 11 пайызға немесе 2018 жылдан бастап қосымша 2,6 млн адамның газға қол жеткізуіне мүмкіндік берді», – деді ол.

Министрдің дерегінше, биыл 76 жобаны іске асыруға 73,9 млрд теңге қарастырылған.

«Бұл 160 мың тұрғыны бар 55 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2023 жылдың соңында ел бойынша газбен жабдықтау 60 пайыз деңгейінде күтіліп отыр», – деді Болат Ақшолақов.

Сурет ашық дереккөз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<