Қазақстанда блогерлер қанша салық төлейді

557

0

Сурет: pexels

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда қанша блогер бар екенін және олар қанша салық төлеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда 400-ден астам блогер бар.

«Елде 400-ден астам блогер тіркелген. Блогерлер 2023 жылы 200 миллион теңгеден астам салық төлеген. Олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлейді, төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1%-дан 4 пайызға дейін», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министр сонымен қатар блогерлердің жұмысы монетизацияланбаса және кәсіпкерлікпен ешқандай байланысы болмаса, салық төлемейтінін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<