Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Республикалық бюджет қара жатынан жерлеуге бір жолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» сондай-ақ «Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 257 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасы әзірленді.
Аталған құжат 14 тамызға дейін «Ашық» НҚА порталына жария талқылауға орналастырылды.
Құжаттың түсіндірме жазбасында пилоттық жобаны іске асыру үшін әзірленген ұсынылып отырған толықтырулар автоматты түрде тағайындау, автоматты түрде қалыптастыру, сондай-ақ жәрдемақы тағайындау жөніндегі істердің электрондық макеттерін және жерлеуге арналған біржолғы төлемді автоматты түрде бекіту тәртібін көздейді, бұл мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін жеті күннен бір жұмыс күніне дейін қысқартылатыны жазылған.
«Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі). Қаржы шығындары талап етілмейді», — деп жазылған құжаттың түсіндірмесінде.
Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<